Елімізде орташа өмір ұзақтығы 70 жастан асты
Елімізде орташа өмір ұзақтығы 70 жастан асты
9 жыл бұрын 2653 © МИР 24

«МИР 24» телеарнасының хабарына қарағанда, соңғы жылдары еліміздегі тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асқан.

 

«Егер бұл көрсеткішті 2010 жылмен салыстыратын болсақ, өсу 3,6%-ды құрайды. Бүгінгі таңда орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асты. Өлім деңгейі, соның ішінде ана мен бала өлімі, туберкулезден, онкологиялық аурулардан және жүрек-қан тамырлары ауруларынан өлу дейңгейі төмендеді»,- деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев. Ол мұндай жетістікке ұлтты сауықтыру бағдарламасының көмегімен жетккенін жеткізді. Оның айтуынша, тек өткен жылдың өзінде 2,5 млн-ға жуық адам медициналық тексеруден өткен. Жоғары технологиялы 45 мыңнан аса ота жасалған. Сондай-ақ, жұмыссыздық азайып, жоғары оқу орындарында гранттар көп бөлінген, салауатты өмір салтын ұстануға көмектесетін спорт түрлерімен шұғылдану да өз жемісін беріп келеді.

0 пікір
Мұрағат