Абақтыға жабылуы тиіс архиепископ ауруханадан бір-ақ шықты
Абақтыға жабылуы тиіс архиепископ ауруханадан бір-ақ шықты
9 жыл бұрын 2751 Reuters

Ватиканда педофилияға (кәмелет жасына толмаған балаларды жыныстық қатынасқа азғыру немесе зорлау) қатысты айыпталған польшалық архиепископ сот залында өзін нашар сезініп, емхана төсегіне таңылды. Бұл жайында католиктер орталығы – Ватиканның ресми өкілі хабардар етті. Оның денсаулығы туралы нақты ақпарат жоқ. Нақтырақ айтқанда, бұрынғы архиепископ Йозеф Весоловскиге «2008-2013 жылдар аралығында Доминикан республикасында балаларды зорлады» деген айып тағылған болатын. Сот басталғанша ол Ватиканда үй қамағында болды. Айта кетейік, Юзеф Весоловски 2002-2008 жылдар аралығында Ватиканның еліміздегі өкілі болып қызмет атқарды. Егер оның кінәсі, яғни, балаларды зорлағаны және балалар порнографиясын екі жыл бойы сақтағаны дәлелденсе, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр оны. Оның басындағы бұл жағдай қоғамды дүрліктірген болатын. Осыған байланысты Рим Папасы Франциск Ватиканда педофил әріптестерін жасырып-жабатын дін қызметкерлерінің ісін қарайтын арнайы трибунал құрған болатын. 66 жастағы Юзеф Весоловски 2014 жылдың қыркүйек айында тұтқындалған еді. Оны Санто-Доминго қаласындағы ең кедей аудандардың бірінде ұл баланы жыныстық қатынасқа тартты деп айыптады жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары. Осыдан кейін понтификтің пәрменімен ол қамауға алынды. Артынан тергеушілер оның компьютерінен балалар порнографиясын тапқан болатын.

0 пікір
Мұрағат