1 қаңтардан бастап Қазақстанда пойыз қозғалысының кестесі өзгерді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
|
Қазақстанда пойыз кестесі өзгерді
|
«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап пойыз қозғалысының кестесі өзгерді. Толығырақ ақпарат алу үшін теміржол вокзалдарының немесе «105» нөміріндегі бірыңғай анықтама қызметіне хабарласқан жөн. Қала нөмірлерінен қоңырау шалу тегін», - деп «Түрксіб Астана» жекеменшік тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Жолаушылар пойыз кестесін «Жолаушылар тасымалы» АҚ сайтынан да қарай алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ТМД-ға мүше мемлекеттердің теміржол көлігі, 66 Кеңесінің шешімі бойынша 2017 жылдың 10 желтоқсанында Астана уақытымен 00 сағат 00 минутта пойыздардың 2017-2018 жылдарға арналған жаңа кесте енгізілген болатын.
Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан мына пойыздардың реттік саны төмендегідей өзгерді:
- «Алматы-Атырау» № 35/36 (бұрын № 77/78);
- «Алматы-Защита» № 45/46 (бұрын № 69/70);
- «Астана-Ақтөбе» № 97/98 (бұрын № 87/88);
- «Алматы-Петропавловск» № 703/704 (бұрын № 705/706);
- «Алматы-Шымкент» № 709/710 (бұрын № 707/708).
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өткен жылы сукук нарығы 1 трлн доллардан асты
■
Христиандықтың таралу қарқыны исламнан көп артты қалып қойған
■
Соңғы 5 жылда Қытай аумағынан мұнай мен газдың 225 кеніші табылған
■
Түркияда университет аумағынан мұнай қоры табылды
■
«Ғимаратқа арналған жемпір» үйдің жылуына кететін энергияны 23% -ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді