"ButWin" ет және жартылай фабрикат өнімдері сертификатталды. Орталық Азиядағы ең үлкен құсфабрикасы сертификатталды
"ButWin" ет және жартылай фабрикат өнімдері сертификатталды. Орталық Азиядағы ең үлкен құсфабрикасы сертификатталды
3 жыл бұрын 2438 halaldamu.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "халал даму" жшс

Алматы қаласындағы «ButWin» ет өнімдерін өңдеу, өндіру және жартылай фабрикат дайындаушы кәсіпорын «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.

«Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Чадаев Маратхан «ButWin» кәсіпорнының өндіріс аймағында бақылау-қадағалау шараларын өткізіп, кәсіби технолог мамандардың қатысуымен «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді.

Мамандардың тыңғылықты орындалған жұмыс нәтижесінен кейін «ButWin» кәсіпорны «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау,сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы халал стандарт» талаптары бойынша сертификатталып, «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды.

«ButWin» кәсіпорнына берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі:11.11.2020-10.11.2021

Құс етін өндіру бойынша Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорын сертификатталды

«Макинск құсфабрикасы» «ҚМДБ халал стандарты бойынша сертификатталды.

Сертификат табыстау рәсіміне «Aitas meat distribution» компаниясының директоры Қайрат Тасқалиұлы, Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Уәжитұлы және «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы қатысты.

Макинск құсфабрикасы «Aitas» компаниясының ұзақмерзімді жоспары негізінде құрылған, еліміздің солтүстігі Бұланды ауылында орналасқан кәсіпорын. Жылына 60 000 тонна құс етін өңдеуге қауқарлы құсфабрикасының өнімдері отандық нарықтың 22% қамтиды. 1370 адамды тұрақты жұмыспен қамтамассыз етіп, 2030 жылға қарай өндіріс көлемін 350 000 тоннаға өсіру жоспарлануда.

Макинск құс фабрикасында инкубатор, құс қорасы, бройлер учаскесі, құс етін қайта өңдеу зауыты, компост алаңы, жем өндіретін цех секілді бірнеше өндіріс алаңдары бар.

Кәсіби технолог және шариғат мамандарының қатысуымен осы өндіріс алаңдарының барлығында бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. «Макинск құсфабрикасында» құстың жем-азығынан бастап, бауыздау, құс етін өңдеу, өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау процесстерінің шариғат және халал стандартқа сәйкес болуы тексерілді.

Нәтижесінде "Кус Вкус" сауда белгісімен шығарылатын 44 түрлі өнім «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарты» бойынша сертификатталды.

"Макинск құсфабрикасына" берілген "ҚМДБ халал" сертификатының жарамдылық мерзімі 08.01.2020-07.01.2021

murz2399.jpg

WhatsApp Image 2021-01-08 at 13.03.57.jpeg

0 пікір
Мұрағат