Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 жыл бұрын 801 halaldamu.kz
Астана қаласы: «Meat Union» ет дүкені сертификатталды 

«Халал Даму» бас сарапшысы Данияр Сафиев «MEAT UNION LLP» ЖШС кәсіпорнына «QMDB Halal» сертификатын табыстады. 

«Meat Union» ет дүкені үй үшін де, мейрамханалар мен кафелер желілері үшін де етті сатуға маманданған.

 Қазіргі уақытта интернет-дүкені бар ірі компания және оның желісінде дүкендердің қызметін реттейтін бірыңғай байланыс орталығы, сату бөлімі, жеткізу қызметі, білікті қасапшылардың ұжымы бар. 

 Тапсырыстарды сол күні-ақ тұтынушылардың есігіне дейін жеткізетін жеке логистикалық бөлімшесі бар қала мен облыстағы ет өнімдерінің ең кең ассортименті бар.

Мекен-жайы: Астана қаласы,Әйтеке би 14;
Сертификаттың мерзімі 29.03.2024 ж. дейін жарамды.

Талдықорған қаласы: кәсіпорындар сертификатталды 

Жетісу облысының өкіл имамы Алмас Сағидоллаұлы «АГРО САУДА» ЖК ет дүкені және «Нугуманова Р.» ЖК тамақтану орнына сертификаттар табыстады.

Аталмыш «АГРО САУДА» ет дүкені, ауыл шарушылығы жануарлар мен құстарын сою ЖШС СТ 96090-2-2021.
Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021.
стандартына сай екендігін растайды.
Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Ескелді би көшесі 80;
Сертификаттың мерзімі 15.03.2024 дейін жарамды.

«Нугуманова Р.» ЖК тамақтану орны Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021.
стандартына сай екендігін растайды.

Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Жастар шағын ауданы 39б;
Сертификаттың мерзімі 15.03.2024 дейін жарамды.

Атырау облысы: «Лакомка» кондитерлік өнімдері сертификатталды 

Атырау қаласы, Сакипов көшесі, 67-да орналасқан Кәсіпорын атауы ТОО« Даулетова Райля Курметовна», Сауда белгісі «Лакомка» жартылай дайын өнімдері мен кондитерлік өнімдерінің басшысы Райля Құрметқызына "QMDB Halal" сертификаты табысталды.


Аталмыш кәсіпорын Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар мекеменің қызметі ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды.

Жарамдылық мерзімі: 19.03.2024 дейін

 

 

0 пікір
Мұрағат