Көлік жүргізуде шала ұйқыны мас күйіндегі жағдаймен теңестірілді
Көлік жүргізуде шала ұйқыны мас күйіндегі жағдаймен теңестірілді
1 жыл бұрын 1111 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: rbkomar / Shutterstock / Fotodom

Австралиялық ғалымдар көлік жүргізу кезінде шала ұйқының қатерін адамның мас күйінде көлік айдау қатерімен теңестірді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш мета зерттеу материалы жарияланған Nature and Science of Sleep мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы таяуда арнайы жүргізілген зертеу нәтижесі тәулігіне бас сағаттан артық ұйықтамаған адамның жол-көлік апатына ұшырау қаупінің мас күйінде көлік жүргізу кезіндегі ықтимал апаттан кем соқпайтынын көрсетіп берген. Зерттеушілер 61 ғылыми жұмысты талдап, төрт-бес сағаттан аз ұйықтау өз кезегінде көлік апатының қаупін екі есе арттыратынын анықтады. Дәл осындай қатер қан құрамындағы алкогол концентрациясы, яғни, шоғырлану деңгейі 0,05 pрm (промиль) болатын көлік жүргізушілерден де байқалған. Түнде ұйқысыз өткізген әр сағат сайын жол-көлік апатына ұшырау қатері арта бермек. Егер көлік жүргізушісі түнде тек төрт сағат ұйықтаса, олардың апатқа ұшырау ықтималдығы 15 есе жоғары болмақ.   

0 пікір
Мұрағат