Cаудия Йемендегі соғысты тоқтатуды жоспарлап отыр
Cаудия Йемендегі соғысты тоқтатуды жоспарлап отыр
1 жыл бұрын 781 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Khaled Abdullah / Reuters

Саудиялық және омандық делегация келесі аптады Йемен астанасына аттанады. Йемен үкіметі мен бүлікші хуситтерді татуластырып, келісімге келтіру үшін. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Егер делегация жауласушы тараптарды бітістіре алса, осы қасиетті айдың соңына дейін жанжалдасушы тараптар күллі әлемге келісімге келгендерін жариялауы тиіс. Қазірдің өзінде тараптар Йемен айлақтары мен әуежайларды ашуды, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын төлеуді, елді қалпына келтіруді, реформаларды жүргізуді талқылап жатыр. Осылайша 2014 жылы басталған соғыс толық аяқталуы тиіс. Саудия соңғы уақытта аймақта тыныштық пен тұрақтылық сақтау үшін аймақтағы бәсекелесі Иранмен арадағы үзіліп қалған дипломатиялық қатынасты қалпына келтірді, бұл жолы Йемендегі қарулы қақтығысты тоқтатуды көздеп отыр. Бүгінде Йемен үш бөлікке бөлінген: солтүстігін «Ансар Аллах» (Қазақстанда қызметі мен насихатына тыйым салынған ұйым – ред.) деп аталатын хуситтер тайпасы бақылайды (бұл өңірде Йемен халқының 80 пайызы тұрады); оңтүстігін Оңтүстік өтпелі кеңес пен бірнеше қарулы топтар бақылайды; қалған бөлігін заңдылығын әлем қауымдастығы мойындаған, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері қолдайтын үкімет бақылайды.

0 пікір
Мұрағат