|
Санкт – Петербургтегі «Heinz» компаниясы сертификаттаудан өтті (фото)
|
Санкт – Петербург қаласында орналасқан «Петербургская продовольственная корпорация» ЖШҚ компаниясына ҚМДБ-ның Халал стандарты енгізілді. Сонымен қатар, аталмыш компания өнімдері арнайы зертханалық тексерістен өтті. Тексеріс нәтижесі оңынан болып, мекеме Халал сертификатқа ие болды.
Сертификаттау рәсіміне ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы және Алматы қаласы өкілінің орынбасары Хонан Айдир қатысты.
Соус өндіретін Heinz компаниясы әлемде «HEINZ», «HEINZ BABY», «МОЯ СЕМЬЯ», «ПИКАДОР», «ДЕРЕВЕНСКОЕ», «LEA & PERRINS», «САМИ С УСАМИ», «УМНИЦА» атымен танылып, өнімдері 200-ден астам елге таралуда. Компаниямен байланысу үшін сілтемені басыңыз!


Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай шөл далада бидай мен қара бидайдың алып буданын өсіреді
■
Қытай ғалымдары көмір электр стансаларының газын арзан және тиімді тыңайтқышқа айналдыратын жолды тапты
■
Адам психикасына сәтсіз некенің жалғыздақтан да ауыр әсер ететіні анықталды
■
Жасанды зерденің өз санасы пайда болатын күн алыс емес
■
Қауіпті бактериялар «жанының сірілігінің» құпиясы ашылды