Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 ай бұрын 323 halaldamu.kz
Атырау қаласы: «Аминки Витаминки» кондитерлік өнімдер дүкені сертификатталды 

Атырау облысының өкіл имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Аминки Витаминки» кондитерлік өнімдерінің Басшысы  Жанылсын Болатқызына «ҚМДБ Халал» сертификатын табыстады. 

Аталмыш «Аминки Витаминки» кондитерлік өнімдер дүкені,  ЖШС  СТ 96090-1-2021  Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігін растайды.

Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, 51-де орналасқан.

Сертификаттың  мерзімі  14.09.2023 дейін жарамды.

Астана қаласы: «ТаттиАлеми» ЖК балмұздақ өндірісі сертификатталды 

«TATLICE» және «Halva Sarayi» сауда белгілеріне ие «ТаттиАлеми» ЖК мекемесі «QMDB halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. 

«Халал Дамудан» сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген күннен бастап, тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, технолог мамандардың қатысуымен барлық шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді. Бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін «TATLICE» балмұздақ өндірісі «Халал Даму» стандартына лайық деп танылды.

«ТаттиАлеми» ЖК мекемесі сатып алушыларға балмұздақ, лимонад, халва, milhshake (сүтті коктейль) және шербеттің түр-түрін ұсынады.

«TATLICE» және «Halva Sarayi» сауда өнімдерін Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі 17 мекен жайы бойынша және @tatlice_official инстаграм парақшасынан таба аласыз.

0 пікір
Мұрағат