|
SpiceJet әуе компаниясы Алматы-Дели бағытындағы рейсті іске қосады
|
Үндістандық SpiceJet әуе компаниясы ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап Дели – Алматы – Дели бағыты бойынша тұрақты әуе рейсін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР ИИДМ-нің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, рейстер аптасына 6 рет Boeing-737 әуе кемелерінде орындалады.
«Аталған рейстің ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық қарым – қатынасты, Қазақстанның транзиттік әлеуетін және туристік саласын дамытуға ықпал етеді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, комитет Пәкістанның әуе кеңістігін одан әрі жабуды жалғастырса SpiceJet әуекомпаниясының Оман, Иран, Ауғанстан және Өзбекстан әуе кеңістігі арқылы рейстерді орындауға ниетті екенін хабарлады. Бір жаққа ұшу ұзақтығы шамамен 7 сағатты құрайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Қазақстандағы жасанды жаңбыр ойлағандай болмай шықты
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады