|
Үрей туғызып, жалған ақпар таратқандарға қатаң жаза қолданылады
|
Елімізде үрей туғызуды ермек санап, елдің зәресін алуға бейім жандардың қатары азаймай тұр. Жыл басынан бері құзырлы мекемелерге төтенше жағдай туралы 77 жалған ақпар түскен. Бұл деректерді бүгін елордада өткен арнайы семинарда Ішкі істер министрлігінің өкілдері жария етті. Айта кетейік, мұндай заң бұзушылық әрекет үшін азаматтарға 30-дан 60 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары: - Қазір әлеуметтік желілер арқылы дұрыс әрі жедел ақпараттандыру жұмыстарын жетілдіруді қолға аламыз. Себебі, қазір мұндай оқиғалар жайлы мәліметті халық өзі пайдаланатын әлеуметтік желілер арқылы іздеуде. Егер расында төтенше жағдай орын алса, халық шынайы ақпаратты тиісті мекеме тарапынан алуы қажет.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай шөл далада бидай мен қара бидайдың алып буданын өсіреді
■
Қытай ғалымдары көмір электр стансаларының газын арзан және тиімді тыңайтқышқа айналдыратын жолды тапты
■
Адам психикасына сәтсіз некенің жалғыздақтан да ауыр әсер ететіні анықталды
■
Жасанды зерденің өз санасы пайда болатын күн алыс емес
■
Қауіпті бактериялар «жанының сірілігінің» құпиясы ашылды