Ассаламағалейкум! Компьютерден Құран сүрелерін қосып қойып, оны сол шаңырақтан қайтыс болған адамдардың рухына бағыштауға бола ма? Қалай? Шынар.
|
Компьютерден Құран сүрелерін қосып қойып, оны әруақтарға бағыштаса бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құранның аудио оқылуы – әруақтарға бағышталмайды. Тірі адам тарапынан оқылған болуы керек. Сондықтан да, компьютерден болсын, ұялы телефоннан болсын, Құранның үнін қосып қойып, оны бағыштау - Құран бағыштағандық болып саналмайды. Сол себепті, өзіңіз білетін сүрелеріңізді оқып бағыштағаныңыз абзал немесе білетіндерге Құран оқытып бағыштатсаңыз болады. Алла сауабын мархұмға жеткерсін!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?