Жалғыз оқығанда іштей оқылатын намаздарды дауыстап оқи аламын ба?
Жалғыз оқығанда іштей оқылатын намаздарды дауыстап оқи аламын ба?
10 сағат бұрын 259

Жалғыз оқығанда іштей оқылатын намаздарды жария етіп оқысам бола ма?

Бисмилләһир рахманир рахим.

Жалғыз оқыған адам іштей оқылатын намазды «өзі еститіндей» дауыстап оқи алады¹. Алайда өзгелер де еститіндей қатты дауыстап оқуына болмайды. Олай оқыған жағдайда, намаз соңында сәһу сәждесін жасауы керек. Мысалы, жалғыз оқыған кезде бесін намазының парызын өзгелер еститіндей дауыс шығарып оқысаңыз, намазыңыз бұзылмайды, алайда уәжіпті бұзғандықтан, намаз соңында сәһу сәждесін жасауыңыз керек².

Осы тұрғыда: «Дауыстап оқылатын таң, ақшам және құптан намаздарын жалғыз оқыған адам, керісінше, іштей оқи ала ма?» — деген де сауал туады.

Бұған қатысты ғалымдар: «Жария оқылуы керек намаздарды жалғыз оқыған кісі қаласа, іштей, яғни дауыстамай оқи алады», — дейді. Ол үшін сәһу сәждесін жасаудың қажеті жоқ.

1Имам Сәрәхси: «әл-Мәбсут».
2Бурһәнуддин ибн Мәзәһ әл-Бұхари: «әл-Мұхитуль Бұрһәни».

Абдусамат Қасым