Намазда имамдыққа шыққан адам зам сүресінің бір аятын ұмытып қалса, не істейді?
Намазда имамдыққа шыққан адам зам сүресінің бір аятын ұмытып қалса, не істейді?
2 жыл бұрын 4640

Имамдыққа шыққан адам зам сүресінің аятын бір жолын ұмытып қалса, намаз соныңда саһу сәждесін жасау керек пе?

Намазда имам болып тұрған кісі немесе жеке өзі оқып тұрған адам зам сүресін оқу барысында бір аятын ұмытып кетсе, ол кезде көп кідірместен:

  • Не келесі аятқа көшеді,
  • Немесе басқа сүре оқиды,
  • Яки, егер оқыған аяттары ең кемі үш аяттың көлеміндей болса, рүкуға барып, келесі қимылдарды орындауға көшеді.

Осы үш амалдың бірін орындаса болады, сәһу сәжде керек емес, бірақ ұмытқан аятын еске түсіремін деп, үш рет «сүбаханаллаһ» дейтіндей уақыт үндемей кідіріп қалса, намаз соңында сәһу сәжде жасағаны жөн.

Және де кейде имам бір аятты ұмытып қалғанда арттағы жамағаттан аят оқып, еске салып жататын кездер болады, бұл дауыстап оқитын намаздағы жағдайға қатысты, оны «фәтх» дейді шариғатта, олай ету намазды бұзбайды, бірақ аятты ұмытқан имамның жамағаттан жәрдем күтпегені абзал делінген, оның орнына жоғарыдағы үш амалдың біріне жүгінгені артығырақ, сондай-ақ, ондай жағдайда жамағат та аятты еске түсіруге асықпағаны дұрыс[1].


[1] Бәдруддин ал-Ани: «әл-Биная шархуль һидая». 2/416.

Абдусамат Қасым