«Кемел бақыттылық – үш нәрсеге қаланған»: Имам Ғазали, «Жүректің әскерлері» (2 бөлім)
«Кемел бақыттылық – үш нәрсеге қаланған»: Имам Ғазали, «Жүректің әскерлері» (2 бөлім)
2 жыл бұрын 4044
Аударған Абдусамат Қасым

Толық бақыттың іргесі – үш нәрсеге қаланған:

1) Ашу күші.

2) Құмарлық күші.

3) Білім (таным) күші.

Әйтсе де, бақыттылықтың іргесі саналатын бұл күштер орта деңгейде болып, қажетті шамадан аспаулары қажет.

  • Егер, адамның бойындағы құмарлық күші артса, адамды қадірсіз етеді.
  • Ал ашу күші артып кетсе, ол оны қыңыр, бірбеткей қылады да, ақырында құртады.
  • Алайда, аталмыш екі күш (құмарлық пен ашу) орта күйде болса, білу күшінің сілтеуімен адам дұрыс жол табады.

Сондай-ақ, адамның ашу күші шамадан тыс артса, оған біреуді ұра салу немесе біреуді өлтіре салу оңай. Ал керісінше, ашу күші азайып, орташа деңгейден төмендеп кететін болса, дінге деген және дүние істеріне деген бұлқынысы мен жігері, өжеттілігі жоғалады. Ашу күші – орта деңгейде болса, ол адамда төзімділік, батырлық және көрегендік пайда болады.  

Тура сол сияқты, адам бойындағы «құмарлық күші» орта деңгейден асып, тасыса, пасықтық пен күнә істерге бейім болу сипаты туындайды. Керісінше құмарлық күші төмендеп кетсе, осалдық сипаты мен бостық сипаты туындайды. Құмарлық күші орта деңгейде болған кісіде арлылық, қанағатшыл сынды сипаттар пайда болады.

Жүрек пен оның әскерлерінің сипаттары

Білгін! 

Жүректің әскерлерімен болған байланысынан, онда (жүректе) күйлер мен сипаттар туындайдыОл сипаттардың кейбірі -«жаман мінез-құлық», ал кейбірі – «жақсы мінез-құлыққа» жатады. Адам баласы жақсы мінез-құлықпен бақыттылық деңгейіне жетсе, жаман мінез-құлықпен құрдымға кетіп, бақытсыздыққа дұшар болады... (Жалғасы келесіде!).

 Имам Ғазалидің "Кимия-и сағадат"
("бақыттылық эликсирі")
атты кітабынан (араб тілінде).

0 пікір