"Өлген адам дүниеге қайтып келмейді": Имам ән-Нәсәфи (рахимаһуллаһ)
"Өлген адам дүниеге қайтып келмейді": Имам ән-Нәсәфи (рахимаһуллаһ)
1 жыл бұрын 6425

Рафизит ағымының бір тармағында: «Әзіреті Әли мен оның достары дүниеге қайта оралып, осы дүниедегі дұшпандарынан кектерін алады және жер бетін әділдікке толтырады» – дейді. (Рафизит - шиизм бағыты).

Бұларға қарсы "Әһлу сунна уәл жамағат" жолының суннит ғалымдары былай деп жауап айтқан:

«Кім болса да, қайтыс болғаннан соң қайта тірілу күніне дейін дүниеге оралмайды. Өйткені өлген адамның қайта дүниеге оралатындығына қатысты шариғи дәлел келмеген».

Біздің бұл уәжіміздің дұрыстығына мына аяттар дәлел:

«Біз сендерді жерден жараттық және қайта жерге қайтарамыз әрі тағы бір рет жерден шығарамыз»1 . Бұл аятта "екі рет" деп емес, «тағы бір рет» деп тұр. (Егер дүниеге оралу ақиқат болғанда, аятта "бірнеше рет" дер ме еді?)

Сондай-ақ басқа бір аятта былай делінеді:

«Олардан бұрын қаншама нәсілді жоқ еткенімізді және де олардың қайтып оралмайтынын көрмей ме?»2

(Тағы бір аятта: «Олардың алдында қайта тірілетін күнге дейін бөгет (барзах әлемі) бар» дейді»).

Бұған Алла елшісінің мына хадисі де дәлел, Ол (с.а.у.) былай деген:

«Өлімнен кейін тек пейіш немесе тозақ бар». (Яғни, өлген адам қабірінде не кеңшілікте болады немесе азапталады, одан басқа бұ дүниеге келіп, кетіп жүрмейді-ауд.)3.


1  «Тоһа» сүресі, 55 аят.
2  «Ясин» с.ресі, 31 аят.
3  Имам Нәсәфи, «Бәхруль Кәләм», 283 бет.

0 пікір