Дұп-дұрыс оқылған намаз
Дұп-дұрыс оқылған намаз
9 ай бұрын 3016

Құран Кәрімдегі Алла Тағаланың намазға қатысты бұйрықтары: «Намаз оқыңдар!» түрінде емес, «Намазды дұп-дұрыс оқыңдар!» түрінде келген. Дұп-дұрыс оқылған намаз, мүминді нәпсілік бейімділіктердің иіріміне түсуден қорғайтын, әрі оны рухани шаттадырып иләһи фәйзге жеткізетін өте абзал ғибадат. Қасиетті аятта былай айтылады:

«Намазды әрдайым оқы! Сөзсіз намаз арсыздықтан, әдепсіздіктен, (тыймдардан; ақыл мен дін ұнатпайтын істерден және күнәдан) қорғайды». ("Ғанқабут" сүресі, 45 аят).

Намаздың жаман істердің жасалуына бөгет болуы - намаздан бұрынғы сәттерде болсын, намаз кезінде болсын, намаздан кейінгі сәттерде болсын, барлық уақытты қамтиды. Егер оқылған намаздың кісінің ахуалына ықпалы болмаса, ол кісі шын мәнісінде намазын (шынайы тұрғыда) оқыған болып есептелмейді. Ондай адамдардың намаздары жайында Алла Расулі былай деген:

«Кімде-кім намаз оқыса және сол оқыған намазы оның ашық және жасырын түрдегі жамандықтар істеуіне бөгет болмаса, оның ол намазы Аллаға ұзақтығын арттырғаннан басқа пайдасы болмайды».

Сондықтан да, намаз оқырда көңіл аудару керек маңызды жағдай, сөзсіз, намазды «хушуғ» күйінде оқу.

Ғапылдықпен оқылған намаздар

Намаз әдептерін сақтамай және ықылассыз көңілмен оқылған намазға шайтан қатысады және мұндай намаз құлдың бетіне лақтырылатын кір шүберек сияқты, құны болмайды. Қасиетті аятта былай делінген:  

«Сондай намаз оқығансып жүргендерге нендей өкініш! Намаздарынан бейқам жүреді, тек көрер көзге оқыған болып көрінгілері келеді. Ондайлар титтей қол ұшын беруді де аяйды». ("Маъұн" сүресі).

Құран тәпсіршілері намаздан бейқам жүруді үшке бөліп қарайды:

1. Намаздың уақытынан ғапыл қалып, оны қазаға жіберу.

2. Намазға көңіл аудармай, денесімен намазда болғанымен, рухымен (ойымен) намаздың сыртында болу.

3. Фиқыһ қағидаларын толық орындамай, шала-пұла оқу.

Хазіреті Мәулана бір сөзінде «иман әдептен тұрады» деген. Ең күшті әдеп - Аллаһқа деген құрмет. Мұның да ең әдемісі, ең күштісі- ғибадатта, әсіресе намазда көрініс табуы қажет.

Намаздың мән-мағынасынан немесе намаз әдептерінен яки намаздың шарттарынан қандай да біреуінен ғапыл болуы – шайтанның ондай пендеден намазын жұлып алған нәрсесі ретінде есептеледі. Пенденің намазда ғапыл болуы шайтанның жағаласуына, азғыруына мүмкіндік береді. Алайда шайтанның әлсіреткен намазы намаз деп қабылданбайды.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Талай намаз оқитындар бар, бірақ олардың намаздан көрген несібелері әуре болып шаршағаннан басқа ештеңе емес».

Намаздың шарттарын қате немесе кем істеуді Алла елшісі «ұрлық» деп айтқан: 

«Адамдар арасындағы ең жаман ұры өз намазынан ұрлаған адам» - дейді хадисінде[1].  


 [1] Құран және сүннет аясында: «Иман, Ислам, ғибадат», «Хикмет» баспа үйі,

0 пікір