Құр­бан айтта құр­бан ша­лу­дың үкі­мі
Құр­бан айтта құр­бан ша­лу­дың үкі­мі
9 жыл бұрын 4719

Ха­на­фи мәз­һа­бын­да құр­бан айтта ша­ма­сы жет­кен­дер­ге құр­бан ша­лу – уә­жіп.

 

Уә­жіп­ті­гі­нің дә­лел­де­рі:

Алла Та­ға­ла Құ­ран ­Кә­рім­де: «На­маз оқы жә­не құр­бан шал»[1] – деп, әмір етіп, құр­бан ша­лу­дың уә­жіп­ті­гін біл­ді­ре­ді.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) «Кім­де-кім мүм­кін­ші­лі­гі бо­ла тұ­ра құр­бан шал­ма­са, біз­дің на­маз оқи­тын же­рі­міз­ге жа­қын­да­ма­сын!» – деп бұйыр­ған. Әри­не, бұн­дай қа­таң ес­кер­ту, кем де­ген­де, құр­бан ша­лу­дың уә­жіп­ті­гін біл­дір­се ке­рек.

Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.): «Құр­бан ша­лың­дар! Өйтке­ні ол Иб­ра­һим әке­ле­рің­нің сүн­не­ті», – деуі құр­бан ша­лу­дың уә­жіп­ті­гі­не те­ріс емес. Өйтке­ні «сүн­нет» жо­лы де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Яғ­ни, біз­ге уә­жіп бол­ған құр­бан ша­лу – Иб­ра­һим­нің (а.с.) жал­ға­са кел­ген жо­лы де­ген ма­ғы­на­ны мең­зейді.

 

Құр­бан ша­лу кім­дер­ге уә­жіп?

Құр­бан ша­лу бел­гі­лі бір адам­ға уә­жіп бо­лу үшін тө­мен­де­гі шар­ттар ке­рек.

  1. Мұ­сыл­ман бо­лу
  2. Құр­бан айт уақы­тын­да жо­лаушы бол­мау
  3. Не­гіз­гі қа­жет­тер­ден тыс ни­сап мөл­ше­рін­де­гі қар­жы­ға ие бо­лу. Ни­сап мөл­ше­рі – 85 грамм ал­тын яки құ­ны­на тең ке­ле­тін ақ­ша. Зе­кет ғи­ба­да­ты сияқ­ты құр­бан­ның уә­жіп бо­луы үшін ни­сап мөл­ше­рі­не жет­кен мал­ға бір жыл то­лу шарт емес.

Құр­бан шал­ған уа­қыт­та мін­дет­ті түр­де ниет ету ке­рек. Өйтке­ні, мал­ды ғи­ба­дат үшін сояты­ны сияқ­ты, тек қа­на етін пайда­ла­ну үшін де союға бо­ла­ды.

[1] Кәусар, 108/3.

0 пікір