Құр­бан ша­лу­дың уақы­ты
Құр­бан ша­лу­дың уақы­ты
9 жыл бұрын 2821

Құр­бан ша­лу­дың уақы­ты құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні айт на­ма­зы­нан кейін бас­та­лып, ай­тың үшін­ші кү­ні ақ­шам­ға аз уа­қыт қал­ған­ға дейін жал­ға­са­ды. Үзір се­беп­тер­ге байла­ныс­ты құр­бан айт на­ма­зы­на ба­ра ал­май қал­ған адам­ның, на­маз оқып бо­ла­тын­дай уа­қыт өт­кен­нен кейін құр­ба­нын ша­ла бе­руіне бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дан (с.а.у.) құр­бан ша­лу­дың уақы­ты­на байла­ныс­ты бір­не­ше ха­дис риуаят етіл­ген. Бә­рә иб­ну А'зиб­тің риуаяты бойын­ша:

«Алланың Ел­ші­сі (с.а.у.): «Біз­дің бұл күн­де ал­ғаш­қы жа­сай­тын ісі­міз на­маз оқу, со­сын қай­тып ке­ліп, құр­ба­ны­мыз­ды ша­лу. Кім осы­лай іс­те­се біз­дің сүн­не­ті­міз­ге ер­ге­ні. Ал кім­де-кім бұ­дан бұ­рын құр­ба­нын ша­ла­тын бол­са, бұл құр­ба­ны­ның от­ба­сы­на бе­ріл­ген ет­тен айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ. Бұ­ның құр­бан бо­луы мүм­кін емес». Бас­қа бір ха­дис­те: «Кім­де-кім на­маз­дан бұ­рын құр­ба­нын шал­са, қайта­дан шал­сын», – деп, на­маз­дан бұ­рын ша­лын­ған мал­дың құр­бан­дық­қа есеп­тел­мейті­нін ес­кер­те­ді.

0 пікір