«Рахман» сүресіндегі ғылыми шындық
«Рахман» сүресіндегі ғылыми шындық
8 жыл бұрын 9160

Құрандағы «Рахман» сүресінің 37-аятында Жаратушы ие былай деуде:

«Көк жарылып, майдай еріп, қып-қызыл гүлге айналған кезде».

Бұл аятты түсіндірмей тұрып, аятта өткен кейбір сөздерді талдайық. Әуелі аяттың басындағы إِذَا (изә) сөзін алайық. Бұл сөз болашақта деген уақытты әрі шарт мәнін білдіреді. Бұдан бөлек, жасырын етістік болып табылатын رَأَيْتَ ‘’ (ра әйтә) «сен көрдің» етістігінің есімдігі болады. Яғни мағынасы «сен көрген кезде» болады. Екіншісі انْشَقَّتِ (иншаққат) сөзі қолданылған. Бұл сөз сөздікте «жарылу» деген мағынада қолданылған. اَلدِّهَانُ (әддиһан) болса, арабшада екі мағынада қолданылады. Әуелгісі қызған май, екіншісі өңделген былғары мағынасында қолданылады.

Осы түсіндірмеден кейін енді аятты қайта жаңадан аударайық. Егер көк жүзі жарылса, сен көк жүзін былғары тері секілді немесе қызған майға ұқсас гүл сияқты көрер едің. Осы аятты көптеген тәпсіршілер қиямет орнаған кездегі көк жүзінің кейпі ретінде тәпсірлеген. Өйткені көк жүзінің жарылуы оларға қияметті еске түсірген. Анығында біз дәл қазір көк жүзінің жарылуын ауа қабатының тесіліп, ғарышқа кетуі секілді түсіне аламыз. Және телескоптармен назарымыз көк жүзін жарып өтіп, арғы жағын тамашалауы ретінде де түсінеміз. Міне, осы тұрғыда аяттың мағынасы «Егер сендер көк жүзін тесіп, ғарышқа шығуға шамаларың жетсе немесе тапқан құралдарыңмен көк жүзін жарып арғы жағын тамашалай алсаңдар, гүл түстес бір былғары немесе қызған май көретін едіңдер» деген сөз.

Ал бұл жердегі «еріген май секілді қып-қызыл гүл» не деген сөз. Қаласаңыздар, бұл тақырыпта ғалымдардың және ғарыш зерттеушілерінің көзқарастарына орын берейік.

Небула – ғарыштағы әрі кең алаңда жайылған газдар, шаң, сутегі, гелиум және басқа иондалған газдардан тұратын бұлттектес пішіндерге берілген атау. Бұл газдардың атқылауы үлкен әрі жылдам. Кейіннен бұл газдар жақындап, газ бұлтын қалыптастырады. Бұл газ бұлтының ыстықтығы 15.000 °C ден көп.

Шынымен де қазіргі күні жасалған ғарыш зерттеулері нәтижесінде ғалымдар тура аятта айтылғандай еріген май секілді қып-қызыл гүл түстес бір небуламен кездескен.

Иә, бұл Небула тура гүлге ұқсағандықтан, ғалымдар «гүл кейіптес газ бұлты» деген мағынада «Rosette Nebula» деп атаған. Rosette Nebula кең жатқан шаң мен газ массасы әрі Жер шарынан шамамен 5.200 сәуле жылы арақашықтығында, диаметрі шамамен 130 жарық жылына тең. Ал көрінісі болса, тура Құранда көрсетілгендей еріген май секілді қып-қызыл гүлге ұқсайды.

Қазіргі технологиялық бақылау құралдары арқылы ғана анықталатын бұл шындықтың ғылым мен техника болмаған ғасырда оқып, жазатындай сауаты болмаған адамның хабар беруін сіз неге жорыр едіңіз? Иә, сол ғасырда өмір сүрген, оқып, жазатындай сауаты болмаған адамның бұндай хабар айтуы мүмкін емес. Ендеше, Құран Алланың ежелден бергі сөзі әрі осыны бізге хабарлап айтқан кісі оның анық елшісі. Біз өз тарапымыздан «Сендік әрі мойынсұнамыз» демекпіз.

3 пікір