Жатар алдында 33 рет сүбханаллаһ, 33 үш рет әлхамдулилла және 34 рет Аллаһу әкбәр деп айтудың пайдасы
Жатар алдында 33 рет сүбханаллаһ, 33 үш рет әлхамдулилла және 34 рет Аллаһу әкбәр деп айтудың пайдасы
3 жыл бұрын 80206

ما جاء في حديث عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ رضي الله عنه أَنَّ فَاطِمَةَ عَلَيْهَا السَّلام أَتَتْ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ تَسْأَلُهُ خَادِمًا فَقَالَ " أَلا أُخْبِرُكِ مَا هُوَ خَيْرٌ لَكِ مِنْهُ تُسَبِّحِينَ اللَّهَ عِنْدَ مَنَامِكِ ثَلاثًا وَثَلاثِينَ وَتَحْمَدِينَ اللَّهَ ثَلاثًا وَثَلاثِينَ وَتُكَبِّرِينَ اللَّهَ أَرْبَعًا وَثَلاثِينَ . "  

Пайғамбарымыздың сүйікті қызы Фатима анамыз қызметші ұстамай, үй тіршіліктерін өзі атқарып жүреді екен. Бір күні Ол (р.а.) әкесінен (Пайғамбарымыздан с.а.у.) бір қызметші беруін сұрайды. Сонда Алла елшісі (с.а.у.) қызына:

«Сен үшін қызметшіден де қайырлы болатын нәрсені айтайын ба? Ұйықтайтын кезде – отыз үш рет Алланы пәкте (сүбханалла деп айт), отыз үш рет Аллаға мадақ айт (әлхамдулиллаһ де) және отыз төрт рет Алланы ұлықта (Аллаһу әкбәр де)»,

- деп аталмыш зікір-таспихаттарды айтуын кеңес етеді. Осылай істеулері олар үшін қызметші ұстаудан әлдеқайда қайырлы боларын білдіреді[1].

Күйеу баласы Әзіреті Әли сол күннен бастап Пайғамбарымыздың қызына айтқан аталмыш кеңесін үнемі орындап жүреді екен. Мұны естіген бір адам одан: «Сыйффин» соғысы болар түнде де орындадыңыз ба?» деп сұрайды. Әзіреті Әли: «Иә, Сыйффин соғысы болар түні де орындадым», - деп жауап береді[2].

Хадистен тағылым:

  1. Жатар кезде Алла елшісі үйреткен аталмыш зікір-тәспихаттарды айтуды әдетке айналдыру,
  2. Әрқайсысын 33 рет айту (Аллаһу әкбар 34 рет айтылады).
  3. Аталмыш зікірді төсекте жатып та айта беруге болады.  

[1] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари»; Имам Мүслім: «Сахих Мүслім».
[2] Имам Мүслім: «Сахих Мүслім».

2 пікір
  • Ассаламу алейкум! Сонда бұл зікірді айтып жүрудің адам баласына тікелей қандай пайдасы бар?
    3 жыл бұрын
    • уағалейкумуссәләм!
      1. Сауап. Амал дәптеріңізге аталмыш тәспихаттар айтылды деп жазылады. Бір алхамдулиллаһ дегені үшін пейіште бір құрма ағашы ол үшін егіледі мәселен.
      2. Жүрегі тынышталады. Жүрегі тынышталған күйі ұйқыға кеткен болады. Өйткені, Алланы еске алу арқылы жүректер орнығады. (Аят).
      3. Және де үйіне береке кіреді. Істері берекесіз болмайды мысалы.
      Осы сияқты пайдалары бар.
      3 жыл бұрын