:وعن أبي هريرة قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم
ثلاثةٌ لا يكلمهم الله يوم القيامة، ولا يزكيهم، ولا ينظر إليهم، ولهم عذابٌ أليمٌ: شيخٌ زانٍ، وملكٌ كذابٌ، وعائلٌ مستكبرٌ؛
(رواه مسلم)
Сахаба Әбу Һурайрадан жеткен хадисте, Алла елшісі былай деген:
«Үш кісімен қиямет кұні Алла Тағала сөйлеспейді, оларды тазартпайды, оларға қарамайды және олар үшін қорқынышты азап бар. Ол үш кісі:
- Зина жасаушы қарт (шал).
- Өтірікші патша.
- Тәкәппар кедей.
(«Сахих Мүслім» атты хадистер жинағынан).
Хадистен алынатын тағылым:
- Құдай Тағала қиямет күні кейбір адамдардың бұ дүниеде істеген істері себепті кешіру былай тұрсын, олармен сөйлеспейді де, оларға қарамайды да екен. Алла Тағаланың қарамауы – рахымынан мақұрым етуі. Сөйлеспеуі - мейір-шапағатын төкпеуі. Ал тазартпауы – кешірім жасамауы немесе пенденің жасаған игіліктерін қабыл етпеуі деп түсінуге болады.
- Зинаның күнәсі ауыр. Бірақ, ондай күнәға өзгелерге ақыл айтар жастағы қарт кісінің баруы екі есе ауыр.
- Жалған сөз сөйлеу, біреулерді алдау - ауыр күнә. Бірақ ел басқарып отырған патшаның суайт болуы екі есе ауыр.
- Тәкәппарлық - өзін өзгеден артық көру, өзгені қор көру дегенді білдіреді. Тәкәппарлық дінімізде ауыр күнәлар қатарынан. Бірақ кедей кісінің сондай күнәға баруы басқамен салыстырғанда күнәсі ауыр.
islam.kz