"Селфи" туралы Ислам не дейді?
"Селфи" туралы Ислам не дейді?
6 жыл бұрын 3485 islam.plus
Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ
«Селфидің» тұтқынында

  Бүгінде «селфи» (өзін-өзі бейнелейтін суреттер, көбінесе смартфонда немесе планшетте өзін-өзі қолын созып түсіру арқылы немесе арнайы селфи-таяқшада түсіріліп,  әлеуметтік желілерде орналастырылған суреттер) біздің өмірімізге соншалықты дендей енеді деп кім ойлаған? Әрине, олардың санына қарап, кейде біздің өміріміз тек олардан тұратын секілді көрінеді. Өйткені, сіз Facebook немесе Instagram-ға кірсеңіз, бізге достар мен атақты адамдардың ондаған түрлі «жандарын» көруге болады.

  «Selfie» сөзі 2013 жылдың қараша айында ағылшын тілінің Оксфорд сөздігіндегі «Жыл сөзі» деп жарияланды. Ал өзін-өзі суретке түсіруші алғашқы әйелдердің бірі-ханшайым Анастасия Николаевна, 13 жасында өз фотосуретін айна арқылы жасап, оны досына жіберді. Бұл оқиға ертеректегі 1914 жылы болған еді.

  «Селфидің»танымалдылығы барлығына бесенеден белгілі. Ал мәселе басқада. Өзіңізді суретке түсірген жаһандық қызығушылық «СЕЛФИ» «нашар дәм» деген атаққа ие болды. Мұнымен келіспеу қиын. Ең болмағанда, бұл атақты «дакфейсы» (ағылшын тілінде "duck face"- үйрек беті), қыздар суретке түсерде  еріндерін үйректерге ұқсас етіп жинаған кезде есіңізде сақтаңыз. Бірақ тек «үйректер» сонымен тоқтап қалмайды... 

Селфи - психологиялық бұзылу

Мұның тәуелділігі қазірдің өзінде мұсылмандар арасында да нақты психологиялық мәселе болып табылады. Көптеген адамдар қарапайым таңертеңгі оянудың өзін селфисіз елестете алмайды. Тіпті кейде тамақ ішудің өзіне  уақыты болмай жатады. Тіпті дәмханада немесе мейрамхана дәмді түскі асқа тапсырыс бергенде, олар «бисмиллаһпен» бастамайды, суретке түсіруден бастайды, соның нәтижесінде тағамдары да суып кетеді.

Тамақтану қайда? Әуелі суретке түсіруге лайықты жер, бұрышты таңдап, сіз арнайы сүзгіден өткізіп, оны әлеуметтік желіге орналастырасыз... 

Ал қажылық немесе умра кезінде қанша адам «селфи» желісінде суретке түседі?! Қалайша көп адам сондағы мешіттің ішінде болып  тұрып,  ғибадат етудің орнына сол жерде тұрып, лүпіл /лайк/ немесе репост жинау үшін қаншама алтын уақытын бекерге өткізеді? Қаншама көпшілік Жаратушыға жеке жақындап,  ғибадат етуді бүкіл әлемге паш етіп, көрсетуге құмар, сондай-ақ қасиетті Меккені ойын-сауық орталығына айналдырып, кезекті суретке түсіруге айналдыруда. 

2014 жылы Американдық психиатрлар қауымдастығы өзіне-өзі тәуелділікті,  «селфи» - невроздық обсессивті-компульсиялық спектрдің бір түрі, «қарапайым психикалық бұзылуларды» айшықтады. Бұл ойлар мен іс-әрекеттер арқылы қолданады.

Осы зерттеулерден  кейін Ноттингемдегі Трент университетінің және Үндістандағы Тиагараджа менеджмент мектебінің зерттеушілері осы құбылысты толығырақ зерттеп көрді. Олар «селфидің» шын мәнінде бар екенін растады, тіпті осы аурудың үш сатысын анықтады:

1. Шекті формасы:  Күніне кем дегенде 3 рет өзін суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде суреттерді бөлісуге көп көңіл бөлмейді. 

2. Қауіпті формасы: Күніне кем дегенде үш рет суретке түсіріп, суреттерді әлеуметтік желілерге орналастырады.

3. Созылмалы селфи: Әлеуметтік желілерде суреттерді күніне 6 реттен артық дереу орналастыра отырып, кез келген ыңғайлы  сәтте өзіңізді суретке түсіруді бақылаусыз қалау болып табылады.

Адам неліктен «селфи» жасауға ниеттенеді?

 Ноттингемдегі, Трент университетіндегі психология кафедрасының ғылыми қызметкері Джанартанан Балакришнан былай деді:

«Әдетте, осы жағдайға ие адамдар өзіне деген сенімсіздіктен зардап шегеді және «бейімделуге» тырысады, басқа да тәуелділікпен ауыратын адамдарға ұқсас симптомдар көрсетеді».

Лондонның Король колледжіндегі психологиялық медицина профессоры Симон Вессли былай дейді: «Зерттеулер бойынша адамдар өздерінің көңіл-күйін жақсартуға, өзіне көңіл аударуға, өз-өздеріне деген сенімін арттыруға және қоршаған ортамен байланыстыруға көмектесетін «сельфидің» көмегімен адамдарды өзіне тартқысы келеді». Әрине, барлық адамдар өзгелерді мойындатуға, жоғары бағалануға немесе жағымды естеліктерге ие болғысы келетіні анық, бірақ  мұны «селфи» арқылы емес, әсіресе бұл жағдай құмарлықтың патологиялық түрге айналған кезде күрделене түседі.

«Селфиге»  исламның көзқарасы

Әрбір мұсылман, ең алдымен, жаратылысты емес, Жаратушымызды тану және бойұсыну керек екенін ұмытпауы керек.

Біздің дұғаларымыз бен руханилығымыздың ең қарқынды сәттері болғанда, біздің ой-пікірлеріміз тек Алла Тағалаға ғана тиесілі болуы керек, неге бұл қасиетті бұзып, Жаратушымен бірлікті жойып, күнделікті соншалықты күш салып  «селфи» жасауға тырысамыз?!

 Өйткені, ол «Алланың разылығы үшін» ұғымының моральдық құндылығын жоғалтады, тіпті мүмкін, кішігірім ширктің түрі - «рия»,  мақтан, көрсетілім, жұртқа жариялау. Бұл сондай-ақ Алла Елшісі Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) мынадай хадистеріне қайшы келеді: «Сол  қолың оң қолың берген садақаны білмейтін болсын» (Муслим).

  Қандай да бір жақсы іс-әрекетке қатысты ниет тазалығының маңыздылығын ұмытпаңыз, ол осылай ғибадат етудің нысаны болады: «Шын мәнінде, амалдар ниетке қарай бағаланады жəне шын мәнінде əр адамға тек қана ойластырылған, ниеттенген нәрсесі беріледі. Хижраны Аллаға және оның Елшісіне арнаған болса, Алла мен оның елшісіне, осы ниетке жетеді, сондай-ақ хижраны дүниелік нәрселерге немесе әйелге үйлену мақсатында болғаны үшін ол сол ниетіне жетеді» (Бұхари, Муслим).

  Өзіңіз төрелігін беріңізші, дұға етуші мұсылманның тұрақты көрінісі мен ізгі ниетіне кезекті «селфи» сай келе ме? Қалай ойлайсыз?!

  Сонымен қатар,  қазіргі таңда кейбір мұсылман әйелдердің мұсылман емес әйелдер сияқты «селфиге» әуестігін, өзін-өзі бейнелейтіні туралы айта кету керек, кейбіреулері камераның алдында жасанып, әсемденіп, «үйрек» жасап, әлеуметтік желілерде суреттерімен бөлісіп, бүкіл әлемге, оның ішінде ерлер қауымына өз бейнелерін айшықтай түседі.

  Осы тұста Пайғамбарымыз (с.а.у.) әйелді хош иістеніп, бөтен адамның жанынан өтіп, өзіне назар аударғысы келетін зинақор әйелмен теңестіретінін есте ұстаған жөн.

  Имам Садықтан жеткен хадиске сәйкес, Алланың Елшісі (с.а.у.) қызы Фатимадан: «Әйелдер үшін ең жақсы нәрсе не?» - деп сұрады. Ол: «Оны ешбір еркек көрмегені, ал ол ешқандай еркекті көрмегені», - деп жауап берді. Алланың Елшісі (с.а.у.)  қызының осылай жауап бергеніне өте риза болды әрі былай деді: «Фатима- менің бір бөлшегім».

  Егер сіз өзіңізді «селфидің тұтқынында» тапсаңыз, онда өзіңіздің өміріңізді талдауға және өзгертуге тырысыңыз. Ең алдымен, өз ниетіңізді жаңартып, істеп жатқан нәрсенің бәрін Алла Тағаланың ризалығы үшін жасағанына көз жеткізіңіз.

  Түсіністік пен мақұлдауды, қолдауды бөтен адамдардан емес, Алладан күтіңіз! Ол сізге разы ма, соны ойланыңыз! Сонда сізге сыртқы әлемнің бағалауы мен кемсітуі маңызды  болмайды. Сондай-ақ, нақты, тірі адамдарға, жақын адамдарға - олардың отбасыларына, туыстарына, мұсылман бауырларға назар аударыңыз. Оларға көңіл бөліңіз, қамқорлық пен жылулық шуағын шашыңыз, өзара түсіністік танытыңыз,  әрі олар сізге де осындай жылылықпен жауап қатады.

  Тіпті үлкен «селфи» жасау үшін үлкен ақыл-ой мен қабілеттер қажет емес. Өзіңізбен жұмыс істеу, өзіңізді кемелдендіру, ислам жолымен жүру, тұрақты түрде жақсылық жасау және тірі адамдармен қарым-қатынас жасау әлдеқайда қиын. Сондықтан тек камерада емес, нақты өмірде өнегелі тұлға болыңыз!

0 пікір