Түсіңде қайтыс болғаныңды көрсең не болады?
Түсіңде қайтыс болғаныңды көрсең не болады?
1 жыл бұрын 8740

Атақты табиғин, түс жорушы дана Мұхаммед ибн Сирин өзінің «Түстердің тәпсірі» атты еңбегінде "қайтыс болғанын түсінде көрудің" мәнін мазмұнына қарай әртүрлі жорамалдаған, ол (р.а.) былай дейді: 

  • «Түсінде өлімді көру – үлкен бір іске өкінетіндігін білдіреді деп айтқан Әбу Сәъид рахимаһуллаһ.

  • Кім түсінде қайтыс болса, алайда қайта жасағанын көрсе, өңінде үлкен күнә жасап, артынан тәубе ететіндігін білдіреді. Өйткені Алла Тағала Құранда: «Олар: «Раббымыз! Бізді екі рет өлтіріп, екі рет тірілттің. Енді күнәмізді мойындадық... дейді» деген. («Ғофир» сүресі, 11 аят).

  • Кім түсінде ауру-сырқаусыз қайтыс болғанын көрсе, ұзақ ғұмыр кешетіндігін білдіреді.

  • Кім түсінде өзінің өлмейтіндігін көрсе, ажалының жақындағанын, ал егер, түс көруші түсінде ешқашан өлмейтіндігін ойлаған болса, өңінде Алла жолында шейіт болатындығына ишара.

  • Кім түсінде қайтыс болып, адамдар жиналып, денесін жуып, кебіндеп жатқанын көрсе, дүние түршілігінің түзеліп, жақсаратындығын, ал бірақ діні (ділі) бұзылатындығын білдірмек1. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

1) Ибн Сирин: «Тәфсируль Әхләм», әл-Мәут.

0 пікір