Черчилль неге Исламды қабылдамақ болды?
Черчилль неге Исламды қабылдамақ болды?
9 жыл бұрын 6595
Марфуға Шапиян

Уинстон Черчилль! Әлемде дәл ол секілді елінің шексіз патриоты әрі ұлтының мүддесі үшін қыруар еңбек атқарған жан бар ма екен?! Ол – Ұлыбританияның ең атақты саясаткері. Ол – Екінші Дүниежүзілік соғыста елінің премьер-министрі (1940-1945) болып қызмет атқарып, ағылшын халқына жеңіс сыйлаған жан. Ол – ауыздыға сөз бермейтін шешен, екінің бірінің қолы жете бермейтін Нобель сыйлығын иеленген жазушы. Ол туралы талай кітаптар жазылды, талай аңыздар айтылды. Күні бүгінге дейін оның өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер легі толастаған емес. Бірақ оның бәрі – басқа әңгіменің тақырыбы. Бізге қызықтысы – оның Исламды қабылдай жаздаған таңғаларлық әрекеті. Сондықтан да, біз Ұлыбританияның королі VI Георг «Черчилльден артық премьер-министр болуы мүмкін емес» деп баға берген даңқты саясаткер өмірінің Ислам дінімен байланысты беттерін ғана парақтап көрдік.

 

Туыстары «Черчилль Исламды қабылдар» деп қатты қорыққан

Осыдан екі-үш жыл бұрын Ұлыбритания баспасөзі дүр сілкінді. Олардың барлығы атақты саясаткердің жас кезінде Ислам дінін қабылдамақ болғанын жазып жатты. Оған себеп Кембридж университетінің ғалымы Уоррен Доктердің тауып алған хаты еді. 1907 жылы бұл хатты Черчилльге ағасы Джектің жұбайы леди Гвендолин Берти жазыпты. Хатта: «Ислам дінін қабылдамауыңызды өтініп сұраймын. Өйткені сіздің бойыңыздан Шығыс халықтарына тән қасиеттер байқадым, ал әрекеттеріңіздің пашаға ұқсайтыны көрініп тұр», – деп жазыпты. Ең қызығы арада біраз уақыт өткен соң Черчилль жеңгесіне «Мені пашаға ұқсатқаныңыз үшін көп рахмет. Мен үшін одан үлкен баға жоқ, оған расымен ұқсағым келеді», – деп жауап жазған екен.

Бірақ осы хатқа қарамастан ғалым Доктер өзінің «The Independent» басылымына берген сұхбатында «Черчилль ешқашан мұсылман дініне өту туралы ойлаған емес. Дегенмен ол Ислам мәдениетін қатты жақсы көрді», – дейді. Ғалымның тапқан хаты мен берген сұхбатының бір-біріне қайшы келіп тұрғаны анық. Біздіңше, Уинстон Черчилльдің бір кездері жеңгесі қорқақтағандай Ислам дініне кіру ойы болды, бірақ кейінгі мемлекет ісі, соғыс жағдайы оның мойнын өзге дүниеге бұруға жар бермеді. 

 

Черчилльдің мешіт салдырғанын білесіз бе?

Черчилль Исламмен Британ әскерінің құрамында Суданда қызмет етіп жүргенінде танысты. Ол Үндістанның солтүстік-батысында, қазіргі Пәкістан аумағында орын алған азаттық соғысына қатысқанда да мұсылмандармен талай рет бетпе-бет келген. Тіпті британдық билік солтүстік Нигериядағы мұсылман тайпаларды отарына айналдырмақ болғанда оған қарсы шыққан да осы Черчилль болатын. Сөйткен Уинстонның діни көзқарасына ең қатты әсер еткен өзінің арабтанушы досы, ақын Уилфрид Блант екен. Ол ұйымдастырған түрлі кештерге Черчилль тіпті арабша киініп келетін көрінеді. 

1940 жылдың қазан айында Черчилль Лондонның Риджент-парк саябағында салынатын орталық мешіттің жобасын мақұлдап, оған мемлекет қазынасынан 100 мың фунт стерлинг бөлгізген. Солай Лондонның орталық мешіті бой көтерген. Кейінірек өзінің халыққа арнау сөзінде Черчилль «Көптеген елдегі біздің мұсылман достарымыз бұл сыйлыққа ризалықтарын білдірді», – деген болатын.

   

Герцогтықтан бас тартқан Уинстон

Черчилль ұзақ ғұмыр кешті. Ағылшын халқы оны қатты жақсы көрді. Өз ұлты ғана емес, оны әлемнің небір мықтылары мойындайтын. Сөйткен Черчилльге ІІ Елизавета патшайым үш-төрт ғасыр бойы ешкімге берілмей келе жатқан «Герцог» атағын ұсынды. Патшадан кейінгі екінші дәрежелі атақтан Уинстон бас тартып: «Мен өз тегімде қалғанды жөн санаймын», – деді салқын ғана. Халық таңғалысын жасыра алмай себебін сұрағанда: «Мен айналама Черчилль болып танылдым және осы атыммен тарихта қаламын. Маған герцог атағынан гөрі өзімнің фамилиямның тарихтағы орны жоғары» деп жауап берген деседі...

2 пікір
  • Мүмкін жүрегімен қабылдаған да шығар, ол жағы Аллаға ғана аян.
    9 жыл бұрын
    • Уинстон Черчилль об Исламе! Как вам его слова?
      Уинстон Черчилль
      Как омерзительны те заклятия, которые магометанство накладывает на своих последователей! Наряду с фанатическим безумием, которое так же опасно в человеке, как гидрофобия в собаке, существует эта ужасная фаталистическая апатия. Последствия этого очевидны во многих странах. Неразумные привычки, неряшливая система сельского хозяйства, отсталые методы торговли и небезопасность имущества существуют везде, где правят или живут последователи пророка. Деградировавшая чувственность лишает эту жизнь её милости и совершенства… Тот факт, что по магометанскому закону любая женщина должна принадлежать некоторому мужчине как его абсолютная собственность - либо как ребёнок, либо как жена, либо как наложница - будет оттягивать окончательное искоренение рабства до тех пор, пока вера в ислам не перестанет быть великой силой среди людей. Тысячи стали отважным и преданными солдатами Королевы: все (они) знают, как умереть, но влияние религии парализует социальное развитие тех, кто ей следует. В мире не существует более мощной силы, пытающейся повернуть развитие вспять. Но магометанство далеко ещё не пришло в упадок, это воинственная и прозелитическая вера. Она уже распространилась в Центральной Африке, выращивая бесстрашных воинов с каждым своим шагом; и если бы христианство не защищали сильные руки науки, которую (ислам) оказался не в силах одолеть, цивилизация современной Европы могла бы погибнуть, как и цивилизация древнего рима.
      6 жыл бұрын