Кітаптағы ислам
Кітаптағы ислам
10 жыл бұрын 7167
Қайрат Жолдыбайұлы

Мысырда жыл сайын халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді. Оған алыс-жақын елдерден мыңдаған мен деген  ірі-ірі баспалар қатысады. Каирдың орталығында ұйымдастырылған бұл жәрмеңкенің үлкендігі соншалық, жаяу аралап шығу мүмкін емес. Осыны ескеріп тегін қызмет көрсететін арнайы минибустар қарастырылған. Кітаптардың басым көпшілігі дін тақырыбында. Ақида, тәпсір, хадис, фиқһ дейсіз бе, жоқ әлде бала тәрбиесі, отбасы мәселелері, экономика, саясат дейсіз бе, не іздесеңіз де, қандай тақырыпты сұрасаңыз да бәрі табыла кетеді. Жәрмеңкедегі кітаптарды жеке-жеке қарап, танысып шығу былай тұрсын,  алыстан көз жүгіртіп қарап шығудың өзі күн батқанша сілікпеңді шығаратын әжептеуір жұмыс. Миллиондаған кітап. Аралап жүріп маған мынандай ой келді: "Осыншама кітаптағы құнды дүниелердің ислам әлемінде әсері неге көрінбейді. Әсері болса мұсылман үмметінің қазіргі мына бейшара жағдайын немен түсіндіруге болады?" Жекелеген адамдар, кейбір топтарды айтып отырғаным жоқ. Жалпы үмметтің жағдайы. Исламның адамзатты қос дүниеде де бақытты ете алатындай Жаратушы тарапынан жіберілген ақырғы һәм кемел дін екенінде сөз жоқ. Бірақ Ислам неге тек кітаптарда қалып қойды? Біз нені ұмыттық?! Ислам теңдессіз өз мәдениеті мен жасампаз ғылымымен, көркем мінезімен, шарықтаған экономикасымен т.б адамзат зарыға күткен құндылықтарымен ортамызға қашан оралады?! Оған не кедергі?

0 пікір