Шәкәрімнің афоризмдері
Шәкәрімнің афоризмдері
2 жыл бұрын 2187 bilim-all.kz/
Зор дұшпаннан қандай сақтансаң, ұсақ жаудан сондай сақтан.
ілім беру саласында "ар білімі" деген білім оқытылуға тиіс деп ойлаймын.
Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек.
Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.
Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа,
Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан.
Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады.
Сақ адам - сандығын бекітеді.
Ең зиянды адам - мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек - осы төртеуі кімнің бойында болса - сол шын адам болады.
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар.
ЬІзақордың іші тар.
Көңілі жұмсақ адамның күрмеуін тағдыр шешеді.
Дін тазасын ой табар.
Ашумен қылған іс - іс болып жаратпайды. Бойды ашуға билетпе.
Ындыны таза - иманды.
Қиянат қылма адамға - таза еңбек істе заманға.
Өзімшілдің іші - тар, ойы - шартық.
Жоқтық егіндігіне бір бидай еге алмасаң, барлық қырманынан жалғыз арпа да ала алмассың!
Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды.

Екі жуан сыймайды жер жүзіне – тоғыз кедей сияды алашаға.

Мылтық билеп тұрғанда – әділет болмайды.
Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,
Әдетің - мінезіңе айналады.
Мінезің - сенің тағдырың.

 

0 пікір