Төрт жақсының одан да жақсысы
Төрт жақсының одан да жақсысы
8 жыл бұрын 4480
Қалқаман Сарин

Төрткүл дүние-ай тұтқа болып ең кімдерге? 
Төрт қырлап қазған қабір ғой алар жүлдем де... 
Төрт нәрсе жақсы тұрлаусыз мынау тірлікте, 
Ал төрт нәрсе бар одан да жақсы, білгенге!   


Бұғаулап алып бермеген кезде нәпсі бой, 
Ар-иманыңа қорғаныш болар тасқын ой 
Еркектің ұяты болғаны жақсы, әрине, 
Әйелдің ұяты бар болса, тіпті, жақсы ғой. 

Бес күндік өмір берілген бізге нақ сынақ, 
Осы ғой бақыт! Қайтеміз басқа бақ сұрап?! 
Қартайған шақта жасаған тәуба жақсы да, 
Жасыңда тәуба жасасаң одан жақсырақ. 

Әділдік болар әлемде, Алла қаласа! 
Құлшылық жаса, жұмысың басқа жоқ аса. 
Басқамыз әділ бола алсақ жақсы, сонда да, 
Патшамыз әділ боп жатса, тіпті, тамаша! 

Бауырым менің, байлыққа кетпе құмартып! 
Мақшарда ертең мұңайып қалма мұң артып. 
Бай адам жомарт болганы жақсы, ал бірақ, 
Кедейдің жомарт болғаны одан мың артық!

2 пікір