16 жастағы бозбала өлер алдында некелесіп үлгерді
16 жастағы бозбала өлер алдында некелесіп үлгерді
9 жыл бұрын 4860

Обырмен сырқаттанатын Британияның 16 жастағы тұрғыны Омар аш-Шейх өлер алдында өзінің сүйіктісімен некесін қидырып, төрт күннен кейін қайтыс болды. Бозбала некесін шариғат талаптарына сай қидырған болатын. Бұл жайында IslamNews порталы The Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратады.Ол бір жылдай уақыт бойы лейкемиямен күресті. Сүйіктісі Эмимен өткен жылы танысқан болатын. Әлі мектеп қабырғасында оқитын оған ем қонбайтынына көздері жеткен дәрігерлер науқасқа мына фәниде татар дәмінің таусылуға жақын қалғанын, яғни, санаулы күндерден кейін бақилық болатынын ескертеді. Көп ұзамай суішкілігі таусылатынын дәрігерлерден білгеннен кейін ол сүйікті қызына көңілін білдіреді. Эми көзіне жас алып тұрып, оның ұсынысын қабыл алады. Олар некелерін емханада қидырады. Осы дүйсенбіде Омар көз жұмды, Жесір қалған Эми оның туыстарымен бірге сүйіктісін мұсылман ғұрпы бойынша ақтық сапарға шығарып салды.

0 пікір
Мұрағат