2008 жылғылар мен осы жылдан кейін дүниеге келгендерге мүлдем темекі сатылмайтын заң қабылданады
2008 жылғылар мен осы жылдан кейін дүниеге келгендерге мүлдем темекі сатылмайтын заң қабылданады
2 жыл бұрын 1830 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа Зеландия билігі ел тұрғындарын саламатты өмір салтына баулып, жат әдеттен біржола тыю үшін 2008 жылы және осы жылдан кейін дүниеге келгендерге темекі өнімдерін сатуға мүлдем тыйым салу қарастырылған заң жобасын қабылдауы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы reuters.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша аталған ел денсаулыққа зиянды әдеттің тамырына балта шабуды мақсат етіп отыр. Бұл бағыттағы тиісті заң жобасы парламентке 2022 жылдан бастап енгізіледі. Егер аталмыш заң жобасы мақұлданса, жасы 14-ке толғандар ме одан кейін жылдары дүниеге келгендерге темекі өнімдері сатылмайды. Есейгенде де оларға сатылмайды, оған дейін дүкен сөрелерінде темекі өнімдері қалмайтын болады. Аталған елдің денсаулық сақтау министрлігінің жетекшісінің орынбасары Айша Верралдың twitter әлеуметтік желісіндегі осы бастамаға байланысты жазбасында бұл өзгерістің бірден бола қоймайтынын айта кетіпті, өйткені, темекі өнімдерін саудалайтын компаниялар бизнестің басқа түріне көшуі үшін белгілі бір мерзім берілетінін алға тартты. Жаңа Зеландия билігі осылайша ел тұрғындарының темекі тартатын тобының санын 2025 жылға дейін 5%-ға дейін кемітуді көздеп отыр. Бүгінгі таңда аталған елдің жасы 15-тен асқан тұрғындарының 11,6%-ы шылым шегеді. Жыл сайын осынау зиянды әдеттен 4-5 мың жаңа зеландиялық азамат өмірімен қош айтысады екен.

Ұқсас материалдар:

«Ширек ғасырдан кейін әлемде шылым шегетін адам қалмайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/shirek-gasyrdan-keiin-alemde-shylym-shegetin-adam-qalmaidy-15035/#gsc.tab=0);

«2010 жылға дейін шылым шегуден 1 млрд адам қаза табады» (https://islam.kz/kk/news/alem/2010-jylga-deiin-shylym-sheguden-1-mlrd-adam-qaza-tabady-14411/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша жылына шылым шегуден қанша адам бақилық болады?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-jylyna-shylym-sheguden-qansha-adam-baqilyq-bolady-8275/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат