|
Конверсиялық терапияға тыйым салынды
|
Канада парламенті конверсиялық терапияға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы CNN ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай қызмет көрсетуді ұсыну да, жарнамалау да, дәріптеу де, қысқасы, аталған терапия бойынша табыс табу бұдан былай қылмыс ретінде саналады. Сондай-ақ, жаңа заң талаптары бойынша Канададан конверсиялық терапия үшін шетел асуға да тыйым салынады. Аталмыш заңның қабылдануына байланысты Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізіледі. Конверсиялық терапия — адамның гомо және бисексуалды ориентациясын гетеросексуалды бағытқа дәрі-дәрмектің күшімен және психиатриялық тәсілдермен өзгерту. Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо бұл терапияны «жиіркенішті әрі адамды қорлайтын» терапия деп атады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады