|
25 млн бала соғыстың кесірінен мектепке бара алмай отыр
|
Әлем бойынша 6 жастан 15 жасқа дейінгі 25 млн-нан аса бала қарулы қақтығыстың кесірінен білім алу мүмкіндігінен айырылған. Қазіргі уақытта әлемнің 22 мемлекеті соғыстан зардап шегіп отыр. Бұл жайында балалар құқығын қорғайтын ЮНИСЕФ сарапшылары мәлім етті. Олар тұтас бір ұрпақтың білімсіз қалатынына алңдап, дабыл қақты. Білім алмаған бала ертең еліне, қоғамға, адамзаттың дамуына қалай үлес қоса алады? Аталмыш ұйымның дерегіне қарағанда, қарулы қақтығыс орын алған аймақтарда орташа есеппен алғанда балалардың 22%-ы мектепке бара алмай отыр. Кей елдерде бұл көрсеткіш әлдеқайды жоғары. Мысалы, Оңтүстік Суданда балалардың 72 пайызы мектепке бармайды, ал Чадта 50%, Ауғанстанда 46% білім алу мүмкіндігінен айырылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка әлемде алғашқы болып криптовалюта кепілдігімен ипотека берді
■
Күн панелдерінің Тибет тұрғындары мен оның табиғатына әсері таспаға тартылды (видео)
■
Еуропа ғылымы ізгілікке бір табан жақындай түсті
■
Пентагонның ресми танылатын діндер тізімі 180 наным-сенімге қысқарды
■
Қытай табиғатта сирек кездесетін минерал түрін тапты