|
250 үнді отбасы исламды қабылдағысы келеді
|
Үндістанның Пажангкаалимед және Нагапалли елді-мекенінің тұрғындары болып табылатын далиттер катасына (біздіңше ең төменгі тапқа кіретіндер – ред.) жататын 250 үнді отбасы исламды қабылдауға ниет білдірген. Олар асыл дінімізді шама-шарқынша зерделеп, осындай қадам жасауға бел буып отыр. Бұл жайында «IndianExpress» ақпарат көзі хабар таратты. Аталғанын елді-мекеннің 180 отбасы алғашқы күні хақ жолға түсуге дайын екенін мәлімдеген еді. Алайда, радикалды үнділер олардың бұл шешіміне ашуланып, қоқан-лоққы көрсетуде. Далиттер белсендісі Сентхила Кумардың айтуынша, жергілікті әкімшілік пен полиция үндістердің ғибадат ғимаратында төменгі кастаға жататындығы үшін құлшылық етуіне рұқсат бермегендіктен осындай олар исламды зержелеуге кіріскен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды