|
Әбу-Дабиде әлемдегі аса ауқымды кітап көрмесі өтуде
|
Осы аптада Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы – Әбу-Даби қаласында әлемдегі аса ірі халықаралық кітап көрмесі өз жұмысын бастады. Бұл жайында "Arabian Business» басылымы хабар таратты. Әлемнің әр түкпіріндегі елу елден ширек ғасырдан бері, яғни, 25 жылдан бері қатарынан өтіп келе жатқан осы маңызды шараға арнайы ат арытып келген жүздеген баспагерлер өз өнімдерін жұртшылықтың назарына ұсынуда. Кітап жәрмеңкесі бір апта уақытқа созылады. Меймандар мен оқырмандар осы шараның аясында түрлі семинарларға, тұсаукесерлерге қатысып, театрландырылған қойылымдарды тамашалай алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады