Әбу-Дабиде құтқаруға арналған ұшатын мотоцикл пайда болды (видео)
Әбу-Дабиде құтқаруға арналған ұшатын мотоцикл пайда болды (видео)
1 жыл бұрын 986 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлектерінің астанасында қолайсыз жерлерден төтенше жағдайға тап болған адамдарды іздестіру-құтқару операцияларында пайдаланылатын ұшатын футуристік мотоцикл - ховербайк пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы thenationalnews.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрылғы Жапонияда құрастырылған. Ол жерден 20 мтер биіктікке дейін көтеріліп, сағатына 80 шақырымды артқа тастай алады. Бүйіріндегі төрт желдеткіш көлік құралының ұшуына көмектеседі. Ховербайк авиация және ғарыш салаларында қолданылатын жоғары берік көміртекті талшықтан жасалған. Оның салмағы 300 келі және жанармай құю қажет болғанға дейін максималды жылдамдықпен 40 минутқа дейін ұша алады. Ерекше көлікті мұнай-газ өнеркәсібінде, шалғай аудандарға жедел жәрдем жеткізуде, тіпті, құрылыс секторын қолдау үшін де пайдалануға болады.

 

0 пікір
Мұрағат