Африкада ресейлік жалдамалылар не істеп жүр
Африкада ресейлік жалдамалылар не істеп жүр
2 жыл бұрын 1891 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Либияның жоғарғы мемлекеттік кеңесінің жетекшісі Халид әд-Мишри ел аумағында бүгінгі таңда «Вагнер» деп аталатын қатыгездігімен танымал ресейлік жекеменшік әскери кампанияның жеті мыңнан аса сарбазы жүргенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu (aa.com.tr) ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, вагнерлік сарбаздардың Гардабия әуебазасында 30 реактивті ұшағы бар, олар Сирт айлағында және Куфр қаласында траншея қазып жатыр. Халид әл-Мишридің пікірінше, Кремл Африканың соолтүстігінде қалудың жолдарын қарастыруда, Либияға орныққаны осындай себептен болып жатыр. Бұдан бөлек, Орталық Африка республикасының билігіне өз адамдарын әкелгеннен кейін ресейлік жалдамалылар Либияның Чадтан Жерорта теңізіне созылып жатқан орталық бөлігін басып алуды көздейді. Қазан айында BBC Arabic тілшісі «Вагнер» сарбаздарының бір бөлігі либиялық Бенгазиядан Малиге ауыстырылған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, ресейлік жалдамалылар Либияда 2019 жылдан бері жүр. Олар Сирттегі айлақ пен әуебазасын, сондай-ақ, Жұпрдағы әуебазаны пайдалануда. Негізінде «Вагнер» Африканың 9 елінде бар: Орталық африка республикасында, Либияда, Суданда, Мозамбикте, Гвинеяда, Гвинея-Бисауда, Мадагаскарда, Зимбабведе және Анголада. Ресейлік жалдамалылар жергілікті күштерді әскери істерге баулиды, мемлекет басшысының жеке күзетшілерін дайындайды, т.б. Ал негізгі мақсаты – Ресейдің саяси мүддесін қорғайды. Есесіне «Вагнер» кампаниясы осы қызметі үшін белгілі бір артықшылықтарға ие болады әрі пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды пайдалануға лицензияға ие болады, бұған қоса, аталған елдерде қару-жарақ пен технологияға және өзге де әскери қызметтерге ие болады. «Вагнер» атауы фашистер көсемі Адольф Гитлердің сүйіп тыңдайтын композиторы Рихард Вагнердің құрметіне қойылған.

Фото: Suhaib Salem / Reuters

0 пікір
Мұрағат