Дәрігер тез ұйықтаудың әрі көп түс көрудің тәсілін айтты
Дәрігер тез ұйықтаудың әрі көп түс көрудің тәсілін айтты
3 жыл бұрын 4224 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Каран Радж есімді британ дәрігері TikTok әлеуметтік желісіндегі өзінің аккаунтында тез ұйықтаудың әрі көбірек түс көрудің тәсілін айтты – бұл үшін бар-жоғы адам өзі ұйықтайтын бөлмені салқын ұстауы тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, салқын бөлмеде ұйықтаған адам организімінде қартаю процесін тежейтін гормон ретінде саналатын мелатонин пайда болады. Ұйықтау үшін адамның дене температурасы төмендеуі қажет, ал бұл салқын бөлмеде табиғи жолмен өзі келеді. Бұдан бөлек, ми дене температурасын реттеуге уақыты мен энергиясын жұмсамайтындықтан салқын бөлмеде ұйықтаған адамның түс көру қабілеті артады. Маманның сөзіне қарағанда, салқын бөлмедегі ұйқы кезінде метаболизм (зат алмасу процесі) жақсарады, бұған қоса, діңгекті жасушалар істеп шығаратын қоңыр май мөлшерінің артуына әсерін тигізеді. Ал қоңыр май холестериннің деңгейін, қан құрамындағы глюкозаның деңгейін реттеп, инсулинге сезімталдыққа арттырады. Сөз орайы келгенде Ребекка Роббинс есімді америкалық дәрігер шала ұйқының салдарынан адамның организімінде конгнитивтік қабілетін төмендететін әрі иммунитетті әлсірететін улы заттардың түзілу қатерінін арттыратынын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат