|
Әкесін көтеріп жүріп қажылығын орындады
|
Қарт әкесін көтеріп алып, қажылық парызын орындап жүрген пәкістандық мұсылман жұрттың назарын өзіне аударды, ол ол ма, оның осы сәті бейнеленген фото-суреті әлеуметтік желіге орналастырылыпты. Ердің жасы – елуге келген пәкістандық мұсылман өздігінен жүріп-тұруы мұңға айналған әкесінің арман-тілегін орындап, қажылықты орындауына көмектескен. Бұл жайында IslamNews порталы OnIslam.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Аталмыш фото-сурет жүктелген әлеуметтік желіде пәкістандық мұсылманның бұл әрекетіне сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырғандардың қарасы көп. Пікір білдірушілер оның әкесін де ұмыт қалдырмай, осындай көргенді ұл тәрбиелегенін де айтып жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды