|
Алаяқтықтан қорғану үшін банкноттарды тігінен шығара бастады
|
Венесуэла 500 және 20 мың боливар көлеміндегі жаңа банкноттарды тігінен шығара бастады. Бұл туралы BBC News жазды. Бұған дейін ең үлкен банкнота болған 100 боливарда да сурет көлденең орналасқан еді. BBC News-тің жазуынша, қазір елдің көлеңкелі нарығында 20 мың боливар алты доллардан арзан тұрады. Қазақстан валютасымен есептегенде 20 мың боливар 992 теңге шамасында.
Жаңа банкноттарға деген қажеттілік жуырда жүргізілген қаржы реформасынан кейін пайда болған: спекулянттар мен дефицитке қарсы күресу үшін айналымнан 100 боливарды алып тастау туралы шешім қабылданды. 2016 жылы қарашаның соңында Bloomberg Венесуэлада ұлттық валютаның кенет құлдырап кетуінен сатушылар купюраларды құнымен емес, таразыға салып салмағы бойынша қабылдап жатқанын жазды.
Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, 2017 жылы елдегі инфляция көлемі 1640 пайызды құрайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды
■
Даулы сот ісі: суррогат ана болу Конституцияға қайшы (видео)