Әлем бойынша артық салмақ жинаған адамдар саны айтылды
Әлем бойынша артық салмақ жинаған адамдар саны айтылды
2 ай бұрын 627 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

NCD Risk Factor Collaboration зерттеу ұйымының денсаулық сақтау саласының сарапшылары бүгінде күллі әлем бойынша артық салмақтан зардап шегетіндер санын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы The Lancet мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұйым мәліметінше, семіз адамдар қарасы бір млрд адамнан асып кеткен. Жаһандық деректерді талдау нәтижесі 2022 жылы балалар мен жасөспірімдер арасындағы семіздік деңгейі 1990 жылмен салыстырғанда төрт есе жоғары өскенін көрсетті. Семіздік деңгейі әйелдер арасында екі еседен астам, ал ерлерде шамамен үш есеге артқан. 2022 жылы барлығы 159 миллион бала мен жасөспірім, сондай-ақ, 879 миллион ересек адам семіздік індетіне шалдыққан. 1990 және 2022 жылдар аралығында салмақ жетіспеушіліктен зардап шегетін балалар мен жасөспірімдердің үлесі әлем бойынша қыздар арасында шамамен бестен біріне, ал ұлдар арасында үштен бірінен астамға азайды. Дәл осы кезеңде әлем бойынша салмағы кем ересектердің үлесі екі еседен астамға азайған. Ересектердің дене салмағының индексі (BMI) бір шаршы метрге 30 келіден асса немесе оған тең болса, семіз адам санатына жатқызылды, ал егер олардың BMI-і бір шаршы метрге шаққанда 18,5 келіден аз болса, салмағы кем, деп жіктеледі. 

0 пікір
Мұрағат