|
Әлем бойынша сөз бостандығын шектеу рекордтық деңгейге жеткен
|
Әлем бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын шектеу рекордтық деңгейге жеткен. Бұл жайында «Шекараны білмейтін репортер» халықаралық ұйымы сарапшылары мәлім етті. Аталған ұйым сарапшылары сөз бостандығына қатысты мемлекеттер тізімін түзген екен. Бұл жолы «қара тізімге» 21 ел енген. Бұл көрсеткіш – рекордтық деңгей. Өйткені, бұрын-соңды сөз бостандығына шектеу қойған елдердің қатары мұндай көрсеткішке жеткен емес. Аталмыш тізімнің басында Корей халық демократиялық республикасы тұр. Одан кейінгі орынға Түркіменстан мен Эритерия жайғасқан. Сондай-ақ, Иран, Ирак, Қытай, Әзірбайжан, Өзбекстан да алғашқы ондыққа кірген. Ал сөз бостандығы алдыңғы қатардан көрінген елдер: Норвегия, Швеция, Нидерланды және Финляндия.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды