Әлемде алғаш рет асыл тастарға цифрлы инвестиция салуға болатын ислами банк ашылды
Әлемде алғаш рет асыл тастарға цифрлы инвестиция салуға болатын ислами банк ашылды
2 сағат бұрын 45 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің алдыңғы қатарлы ислами қаржы мекемесі - Emirates Islamic шариғат талаптарына сай цифрлы инвестициялық жобаны іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы Zavia By Lseg дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде бай клиенттерге арналған мұндай цифрлы бастама алтын мен күміске банктің мобилді қосымшасына кіріктірілген. EI + Mobile Banking қосымшасы клиенттерге сертификатталған алтын мен күміс құймаларын қауіпсіз әрі заңды жолмен сатуға немесе сатып алуға, асыл тастардың инвестициялық құнын сақтауға және инвестициялық портфелін әртараптандыруға мүмкіндік береді. Мұндай бастама екінші жағынан ақшаның құнсыздануынан, яғни, инфляциядан зардап шекпеуге де көмектеседі. Сервис, сондай-ақ, төлемді өтеудің иекімді нұсқаларын да ұсынады, ішінара төлеу немесе толық төлеу арқылы клиентке қолайлы жағдай жасалған. Мұндай бастама әлемде сирек кездеседі және ислами банкингтің ландшафтын байтатын платформа ретінде алға шығады. Бұған қоса, мұндай бастама аталған араб елін тек аймақта ғана емес, сонымен қатар, күллі әлем бойынша цифрлы қаржы орталығына айналдыруға көмектеседі. Бұдан басқа, Emirates Islamic бағалы металдарға барлық инвестициялар үшін ең жоғары сапа және қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз етеді және кепілдік береді. Алтын құймалары Лондон металл нарығы қауымдастығының (LBMA) және Dubai Good Delivery (DGD) стандарттарына сәйкес келеді, бұл ретте Emirates NBD, PAMP және Valcambi сияқты тексерілген брендтер қатысады. Осыған ұқсас, күміс құймалар UAE Good Delivery (UAEGD) стандарттарына сәйкес келеді және Emirates NBD және UAEGD сияқты сенімді брендтерден табылады.

Осы орайда аталмыш ислами банк туралы аз+кем дерек бере кетуді жөн көріп отырмыз:
Emirates Islamic Bank PJSC (Emirates Islamic) - Emirates NBD Group ислам банк бөлімшесі және БАӘ-дегі жетекші ислам қаржы мекемесі. 2004 жылы Emirates Islamic Bank ретінде құрылған банк БАӘ-де  бәсекеге қабілеті жоғары қаржылық қызметтер секторында ірі ойыншы ретінде өзін көрсете білді.

Emirates Islamic БАӘ-нің барлық аумағында 39 филиал мен 231 банкомат/CDM желісі бар жеке, бизнес және корпоративтік банктік қызмет көрсету спектрінде шариғат талаптарына сәйкес келетін өнімдер мен қызметтердің кең спектрін ұсынады. Онлайн және мобилді банкинг саласында банк Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мобилді банктік қосымшаны іске қосқан және Apple Pay ұсынған алғашқы ислам банкі, сондай-ақ, WhatsApp арқылы клиенттер үшін Chat Banking қызметін іске қосқан әлемдегі алғашқы ислам банкі.

Emirates Islamic өзінің банк саласындағы үздік нәтижелері мен инновациялары үшін  халықаралық марапаттардың бірсырыпырасына ие болған. Банк беделді The Banker's Islamic Banking Awards 2025 байқауында «Жылдың ислам бөлшек банкі - Таяу Шығыс» және «Ең инновациялық мурабаха» сыйлықтарына ие болған.

Бұдан басқа, банк Global Finance - Best Islamic Financial Institutions Awards 2025-те «Әлемнің үздік исламдық корпоративтік банкі» және «БАӘ-нің үздік исламдық қаржы мекемесі» деп танылды. Emirates Islamic, сондай-ақ, Euromoney Islamic Finance Awards 2025-те «Әлемнің үздік ислам цифрлық банкі» беделді атағына ие болды.

Әлеуметтік жауапкершілікке жете мән беретін Emirates Ислам қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға азық-түлік, тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау көрсетуге баса назар аудара отырып, қаржылық көмек көрсетіп келеді.

0 пікір
Мұрағат