Өсімдік шайыры мұсылман елінің экономикалық активіне айналып келеді
Өсімдік шайыры мұсылман елінің экономикалық активіне айналып келеді
1 сағат бұрын 27 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы Оман шайыр экспортынан 471,4 мың риал (Сұлтандықтың ұлттық валютасы – ред.) қаржыны құрады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған араб елінің ұлттық статистика және ақпарат орталығы келтірген дерекке жөн сілтеген SyndiGate Media Inc. компаниясының (Syndigate.info) сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шайыр – Оман сұлтандығының танымал, табиғи өнімдерінің бірінен саналады. Оман шайырына сұраныс жылдан жылға артып келеді. Оманның экспорт портфеліне енетін табиғи өнім өз кезегінде мұнайға тәуелді экономикадан құтқаратын, яғни, экономиканы әртараптандыруға үлес қосатын маңызды өнімге айналған. Бұл тараптағы қосымша мәліметтер көрсеткендей, Сауд Арабиясы Оманнан импорттаған 150,9 мың RO (сұлтандықтың төл ақшасы), Сомалиден 99,2 мың RO және Біріккен Араб Әмірліктерінен 78,6 мың RO-ға жетіп, аймақтағы экспорттың негізгі бағыттарын құраған. Оман билігі шайырды брендтік өнімге айналдыруға кұш салып келеді. Халықаралық нарықтағы ірі ойыншылардің біріне айналған. Оңтүстік Омандағы ежелгі сауда жолдарымен тарихи байланысы бар шайыр Дофар провинциясында шоғырланған өндіріспен бірге экономикалық актив және ұлттық бірегейлік символы болып қала береді. Осы орайда омандық шайыр хош иісімен аты шыққан Boswellia sacra сортынан түзілетінін айта кетпекпіз. Оман шайыры жұпар иісті терапияда, медицтацияда және христиандардың діни жөн-жоралғыларында пайдаланылады. Ал шайырдан алынған эфирлі май табиғи опа-далапта қолданылады.

0 пікір
Мұрағат