|
Әлемде халал дәрі-дәрмекке сұраныс артып келеді
|
2026 жылға қарай шариғат талаптарына сай дайындалған фармацевтикалық өнімдерді сатудан түсетін табыс 34,8 млрд долларға жетеді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (21,2 млрд) бір жарым есе көп. Бұл жайында WhaTech ақпарат көзі Polaris Market Research консалтингтік компанияның таяуда жарық көрген есебіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Яғни, халал дәрі-дәрмек нарығының өсу көрсеткіші жыл сайын кем дегенде 5,7%-ға артып отырмақ. Бұған ең алдымен әлемде мұсылман тұрғындар санының көбеюі өз әсерін тигізбек. Бұдан бөлек, халал дәрі-дәрмекті тұтынатындар арасында наным-сенімі өзге тұрғындардың да қарасы көбейіп келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады