|
Әлемдегі әйел атаулының төленбеген еңбекақысы 10 трлн долларға бағаланды
|
Баланы да бағатын, ауруды да күтетін, тамақты да дайындайтын, үйді де жинастыратын әлемдегі әйел атаулының төленбеген еңбекақысы 10 трлн долларға бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш Бразилияның Үндістанның және Жапонияның жалпы ішкі өнімінен де асып түседі. Салыстырмалы түрде айтқанда, ақысы төленетін еңбекті ер-азаматтар әйелдерге қарағанда 700 млн есеге артық істейді екен. Бұл жайында кедейлікпен күресетін Oxfam халықаралық ұйымы баян етті. Істемесең тағы болмайтын әйелдердің бұл еңбегі ақ жаулықтылардың оқып, білім алуына, жұмысқа орналасуына кедергі келтіріп жатады. Сол себепті, аталған ұйым ел басшыларына денсаулық сақтауды, білім беруді, тағы басқа әлеуметтік маңызы бар салаларды тегін етуге шақыруда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды