Әлемдегі ең қонақжай емес ел аталды
Әлемдегі ең қонақжай емес ел аталды
1 жыл бұрын 1119 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jerome Delay / AP

2023 жылы қонақжай елдер рейтингісі бойынша әлемдегі ең қолайсыз мемлекеттер қатарында Корей халық демократиялық республикасы, Түркіменстан және Ауғанстан тұр, бұл елдерге әлемнің кез келген елінің азаматтары кіру үшін виза қажет. Бұл тараптағы рейтингті Passport Index мамандары құрастырған. Бұл жайында islam.kz порталы lenta ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдерден кейінгі орыннан Бутан мен Либия көрінген – тек үш ел азаматтарына ғана визасыз кіруге рұқсат етеді. Осы үштіктің құрамында (яғни, үшінші орында) Эритерия тұр – әлемнің тек төрт елінің саяхатшылары ғана визасыз кіріп-шыға алады. Одан кейінгі орынға Экваторлық Гвинея, Алжир және Судан жайғасқан. Қонақжай емес елдердің алғашқы ондығына бұл елдерден бөлек Камерун, Мьянма, Йемен, Сирия, Либерия, Науру, Конго және Чад кірді. Ал әлемнің ең қонақжай елдер арасында Габон, Мальдив аралдары, Эфиопия, Гвинея-Бисау, Ангола, Жибути, Болибия, Бурунди, Шығыс Тимор, Микронезия, Сомали, Малаби, Конго Демократиялық Республикасы, Оңтүстік Судан, Нигерия, Комор аралдары, Гвинея, Кот-д'Ивуар, Камбоджа, Тувалу , Самоа және Руанда көш бастаған. Олар 198 мемлекеттен келген туристерді визасыз жіберуге дайын.

0 пікір
Мұрағат