|
Америкалық қару-жарақ компаниясы әлемнің әр түкпіріндегі соғыстан қыруар табыс тапты
|
Америкалық Lockheed Martin (LM) қару-жарақ компаниясының өз өнімдерін сатудан түскен жалпы табысы үшінші тоқсанда 1,78 пайызға өсіп, 16,88 миллиард долларды құрады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жоғары мобилді артиллериялық қару жүйелерін шығаратын АҚШ-тың зымырандарды және атысты басқару бөлімі үшінші тоқсанда 2,94 миллиард доллар табыс тапты. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға артық. Аталмыш америкалық алпауыт компанияның көл-көсір пайданың астында қалуына Украина аумағындағы және Таяу Шығыс аймағындағы (Палестина-Израил) қарулы қақтығыс ықпал етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды