Әмірлік адам әлеуетін дамыту бойынша алпауыт елдердің өзін артқа тастады
Әмірлік адам әлеуетін дамыту бойынша алпауыт елдердің өзін артқа тастады
1 ай бұрын 574 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктері 2023/2024 жылдарға арналған адам әлеуетін дамыту индексінің аймақ рейтингісінде көш бастап, бірінші орыннан көрінді. Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы негізінде түзілетін аталмыш рейтингте әлемнің 193 елі қамтылған. Аталған араб елі жаһандық индексте 17-ші орынға табан тіреп, ал аймақ бойынша бірінші орынға шыққан. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, мәлім етеді. БАӘ бұл рейтингте Канада, Америка құрама штаттары, Жапония секілді елдердің өзін артқа тастаған. Алғашқы жиырмалықтың құрамына 0,937 ұпаймен енген БАӘ араб әлемінде бірінші орында тұр. Ал бұл индексте Швейцария 0,967 ұпаймен бірінші орынға жайғасқан. 1990 жылдан бері түзілетін индекс үш өлшем негізінде түзіледі: ел тұрғындарының денсаулығы, білім алу мүмкіндігі және өмір сүру сапасы. Осы өлшемдердің әрбіреуі төмендегідей көрсеткіштерге негізделеді: өмір сүру ұзақтығы, білім алудың орташа ұзақтығы, жан басына шаққандағы ұлттық жалпы табыс мөлшері. Осы орайда БАӘ азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 79,2 жасқа жеткенін айта кетпекпіз. Ал жаны басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 74,104 долларды құраған.

0 пікір
Мұрағат