Жасанды зерде адамды даусынан қандай көңіл күйде екенін анықтай алатын деңгейге жетті
Жасанды зерде адамды даусынан қандай көңіл күйде екенін анықтай алатын деңгейге жетті
1 ай бұрын 625 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Білікті неміс мамандары адамды даусына қарап көңіл күйін дәл анықтайтын немесе танитын жасанды зерде үлгісін (моделін) әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Frontiers in Psychology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар моделдің көңіл-күйін анықтау үшін оның сөйлеген сөзін 1,5 секунд жазу қажеттілігін анықтады. «Біздің модел адам сияқты дәлдікке қол жеткізді», - деп мәлімдеді аталмыш зерттеу авторы Ханнес Димерлинг. Модел адамның даусына талдау жасай отырып, көңіл күйін нейрожелі арқылы анықтайды. Терең нейрондық желілерді (DNN) пайдалана отырып, дауыс көтеру деңгейі мен дыбыс  жиілігін талдаудан өткізеді және конволюциялық нейронды желілерді (CNN) пайдалана отырып, дауыс ырғағы мен текстурасынан эмоцияларды анықтауды үйренді. Соңында гибридті модел (C-DNN) эмоцияларды болжау үшін визуалды спектрограмма құруға мүмкіндік берді.

0 пікір
Мұрағат