|
Аптап ыстықтан 76 адам қаза тапты
|
Мысырда орнаған аптап ыстық 76 адамның өліміне себепші болды. «әл-Аһрам» мерзімді басылымының денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарға қарағанда, аптап ыстықтан қайтыс болғандардың дені жасы келген қарт адамдар. Цельмия бойынша ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілген. Қаза тапқандар арасында жазасын өтеп жатқан тұтқын мен психиатриалық емхананың пациенті де бар. Сондай-ақ, бұл елде аптан ыстықтың салдарынан, яғни, күн өтіп кеткендіктен және ағзада ылғалдың жетіспеушілігінен 187 адам емханаға түскен. Мысыр денсаулық министрлігі ел тұрғындарын күннің көзінда лажы болса ұзақ жүрмеуге, ауыр жұмыстар істемеуге, суды көбірек ішуге үндеп отыр. м
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды